Шиеліде соғыс ардагері Ақтай Арзықұловқа көше берілді

595

0

Шиелі кенті «Шұғыла» мөлтек ауданында жаңадан ашылған көшеге соғыс және еңбек ардагері Ақтай Арзықұловтың атына берілген көшенің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов пен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Көшенің ашылу салтанатында, Аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов және тартоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Пірімбетов және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Шиелі ауданының құрметті азаматы, Ө.Исмаилов пен ардагердің ұлы М.Ақтайұлы сөз сөйледі.


Арзықұлов Ақтай 1917 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округі 1 Май совхозының Борлысай елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына алынып, сол жылдың шілде айында Ұлы Отан соғысына алынып, атақты маршал Рокоссовскийдің қарамағында болған. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін, орыс-жапон соғысына қатысқан. 1946 жылдың аяғында елге аман-есен оралып, еңбекке араласып, Тартоғай кірпіш зауытында абыройлы жұмыс жасаған. 1961 жылы 10 гектар жерге бау-бақша егіп, алма өсіріп, бағбандықпен айналысып, Тартоғай ауылының гүлденуіне, халықтың әл-ауқатының артуына зор үлес қосқан. Ақтай Арзықұлов Шиелі өңіріне танымал бағбан атанып, 1978 жылы зейнеткерлікке шыққан. Сонымен қатар еңбек және соғыс ардагері Ақтай Арзықұлов бес ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген, өсіп-өнген отбасының отағасы бола білді. 1945 жылы қан майданда жүргенде жауынгер Ақтай Арзықұлов Иосиф Виссарионович Сталиннің № 372 бұйрығымен Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «Алғыс хатпен», 2 мәрте І дәрежелі «Қызыл жұлдыз» орденімен және көптеген медальдармен наградталған.


Шара барысында, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов: «Жалпақ жұртыңды құрметтеу – туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады», десек, еліне елеулі еңбек еткен, туған өлкенің түлеуіне, қарышты дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтардың абыройын асырып, рухын тасыту өскелең ұрпақ үшін абыройлы парыз деп білеміз, – деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<