Шығармашылық байқау мәресіне жетті

595

0

Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырған «Жаныңда жүр жақсы адам» шығармашылық байқауы мәресіне жетті. Шараның мақсаты – әлеуметтік желіде аймақтың дамуына үлес қосып жүрген меценаттар туралы ақпарат тарата отырып, ел арасында прагматикалық көзқарас қалыптастыру.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды республикалық қоғамдық-саяси «Халық» газетінің тілшісі Қозы Көрпеш Жасаралұлы иеленді. Ал ІІ орынды журналист Сағира Уәли және қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Бағлан Тілеубергенова, ІІІ орынды «Халық» газетінің тілшісі Нұрбике Құдайбергенова мен облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Ержан Қожас өзара бөлісті.

Жеңімпаздарға  дипломмен қоса бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Маржан Әшірапбаева

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<