Сол жағалауда көпсалалы аурухана салынады

309

0

Соңғы 6 жыл ішінде апатты жағдайдағы ғимараттардың орнына 49 денсаулық сақтау нысаны салынды. Қалған 8 нысанның құрылысын таяу екі жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгін Н.Бекежанов атындағы театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, соңғы 5 жылда облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының 63% жаңғыртылғанын айтты.

2018 жылы Арал ауданының Бекбауыл ауылында, Қазалы ауданының Өркендеу  ауылында және Сырдария ауданындағы Ақжарма ауылында 3 жаңа ауылдық амбулатория, сондай-ақ Арал және Қазалы аудандық орталық ауруханалары пайдалануға берілді.

Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жақын арада аяқталады, сондай-ақ, Жалағаш аудандық ауруханасының құрылысы басталады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысының жобасы әзірленуде. Жобаны облыс орталығының сол жақ жағалауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<