Соңғы қоңырау сәтінде жыл үздіктері анықталды

2569

0

Бүгін Жалағаш ауданының мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. 
Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты бүгін Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейде де «Сылдырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шарамен өтті. Шараға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Ердаулетова,, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты. 
Шара барысында 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық мектеп ұстаздары және мектеп оқушылары «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды, «Аманат» тапсыру рәсімі өтті.
Шара барысында аудан әкімі Қ.Әубәкірұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. 
Сонымен қатар, мектеп басшысы, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. 
Жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<