Сырдарияда карантин талабын бұзғандар жазаға тартылды

536

0

Сырдария ауданы әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Мониторингтік жұмыс тобын құру туралы» №318 өкіміне сәйкес аудан аумағында мониторингілеу мақсатында құрылған топ жұмыс жасауда.


Топтың негізгі мақсаты – короновирус індетінің алдын алу, аудан көлемінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау.


Сәуір айының алғашқы екі күнінде жүргізілген зерделеу жұмыстары бойынша А. Тоқмағамбетов және Қалжан Ахун ауылдарында санитарлық талаптарды сақтамаған 2 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.


Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша аудан көлемінде бүгінгі күні COVID-19 вирусын жұқтырған адам саны 37-ге жетіп отыр.


Қазіргі таңда коронавирустық инфекциясының топтасып және ошақтық тіркелуі байқалуда, әсіресе балалар арасында. Статистикалық есептерге жүгінетін болсақ, аталған аурудың көтерілу қаупінің жоғарлауының мүмкін жағдайын мамандар ескертуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<