СЫРДАРИЯ БОЙЫНДАҒЫ БІЛІМ ДАРИЯСЫ

466

0

Сырдарияның сол жағалауында басталған жаңа Қызылорда  күн санап айшықталып келеді. Дария бойындағы даңғылмен жүріп өтсеңіз көзіңізге ерекше түсетін биік ғимаратқа таңданыс білдірмей тұра алмайсыз.

Бұл – «Болашақ» университетінің бас ғимараты. Жаңа сипаттағы Студенттер қалашығының аумағының көлемі 10,8 гектар. Мұнда бас ғимараттан бөлек оқу корпустары, 500 орындық Студенттер үйі, профессор-оқытушылардың тұрғын үйі, балабақша, ойын-сауық орталығы, Конгресс орталығы, ХҚО, стадион, дендробақ салынып жатыр.

Қазір құрылысшылар әрлеу, қаптау, вентиляция, электр желілерін жүргізу, жылу-су жүйелерін жүргізу үстінде.

Бас мердігер Астанадағы «Монолит-Позитив» компаниясы, бас жобалаушы да астаналық «ИПКЕД» ЖШС.

Негізгі жұмыстар алдағы қыркүйек айында аяқталып, бас ғимараттың ашылуы өтпек. Студент қалашығының өзге жұмысы одан әрі жалғаса беретін болады. 

Егемен ел экономикасын дамытатын болашақ мамандарды дайындайтын «Болашақ» білім ордасының негізгі идеясын университеттің құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі Бақберген Досманбетов жасаған.

Расында, көбіміз Б.Досманбетовті ұстаз, ұйымдастырушы есебінде танимыз, бірақ оның кәсіби құрылысшы, сәулетші екенін біле бермейміз. Осы сөзімізді сол жағалауда жүріп жатқан Студенттер қалашығының құрылысы да нақтылап тұр.

Академик ағамыз Мәскеудің жоғары мектебінен «Құрылыс және қала шаруашылығының экономикасы, оны басқаруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алған.

Д.АЯШҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<