Токио олимпиадасы: Жеңіл атлет Ольга Сафронова жартылай финалға шыға алмады

465

0

Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика сайыстары басталды. Бүгін, 2 тамыз күні әйелдер арасында 200 метр қашыққа іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан сапынан аталған санат бойынша Ольга Сафронова қатысты. Тиісті қашықты 23,64 секундта бағындырған ол өз тобында алтыншы болды.

Айта кетерлігі, 1-3 орын алған спортшылар жартылай финалға жолдама алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<