«Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді

761

0

Биылғы жылдың ақпан айының 26-і мен наурыз айының 01-күндері аралығында қала көлемінде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, қорытындыланды.


Іс-шара барысында басқарманың профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын 278 тұлға тексерілді.


Атап айтқанда: 114-не қорғау нұсқамасы шығарылған, 48-не мінез құлқына ерекше талап белгіленген, 69 маскүнем, 37 нашақор, 7 қолайсыз отбасы мекен-жай бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық мәні бар әңгімелер жүргізілді.


Сонымен қатар, 17 тұлға қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынса, 10 тұлғаның мінез құлқына ерекше талап белгіленіп есепке алынды. Ата-аналық құқығынан айыру бойынша 1 құжат коммисия отырысына жолданды. Жоспарға сәйкес, белгіленген Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің баптары бойынша барлығы 58 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<