УЕФА Роналду мен Погбаның әрекетінен кейін мәлімдеме жасады

1007

0

УЕФА Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатқан ойыншылардан баспасөз конференциясында демеушілердің құтысына тиіспеуді талап етті және футболшыларды демеушілерге құрметпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Азаттық рухы Reuters сайтына сілтеме жасап.


Сондай-ақ УЕФА өкілдері турнирге қатысушыларға демеушілік шаралар турнирдің және футболды дамытудың ажырамас бөлігі екенін ескертіп, демеушілерге құрметпен қарауға шақырды.


«Демеушілік турнир үшін де, Еуропа футболы үшін де маңызды», – деді Еуро-2020 турнирінің директоры Мартин Каллен.


Мартин Каллен ойыншыларға баспасөз конференциясындағы әрекеті үшін УЕФА тарапынан айыппұл салынбайтынын мәлімдеді.


«Демеушілерге қатысты келісімшарттық міндеттемелер – Еуро турнирінің ережесінің бөлігі. УЕФА ойыншыларға тікелей жаза қолдануды көздемейді», – деп түсіндірді Мартин Каллен.


Еске салайық, жақында Португалия ұлттық құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду баспасөз конференциясында демеушілер ұсынған Coca-Cola сусынын үстелден алып тастап, оның орнына су ішуге шақырды.

Арада бірер күн өткенде Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Поль Погба демеушілер ұсынған Heineken сусынын (сыра) алып тастады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<