Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

246

0

Облысқа жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров пен Тәжікстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сапар барысында консул­дық басшылары қаланың сол жағалауындағы құрылыс бары­сымен және ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, аймақтық IT-парк пен облыстық өлкетану мұра­жа­йына барды.
Аймақ басшысы Қ.Көшер­баевпен кездесу барысында түрлі салалардағы ынты­мақ­тас­тық перспективалары тал­қыланды.
– Сіздердің өңірлеріңізді аралап көргендегі әсерім өте жақсы. Қаланың даму қар­қыны, болашағы жақсы еке­нін аңғардым. Облыс әкімі аймақтың мектеп түлектері ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқанын айтты. Аймақ басшылығы ха­лықтың өмірін жақсартуға тыры­сатыны айқын көрінеді, – деді РФ Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров.
Сондай-ақ, ол «Достық үйін­­де» болғанын, онда бей­біт­­­шілік пен келісім, жарқын бас­­­та­малардың және көпфунк­­­цио­налды ресурстық ор­та­­­­­лықтармен шаңырағына ай­­­­­­нал­ған  «Дос­тық үйінде» этно­мә­­­дени бірлестіктер қызметін да­­мытуға барлық жағдай жасал­ға­нын жеткізді.
Ал, Тәжікстанның Алматы­дағы Бас консулы Баходур Назир аймақтың ежелгі тарихын айтып өтті.
– Облыс әкімімен кездесуде біз ынтымақтастықтың бірқатар маңызды мәселелерін талқыладық. Алдағы уақытта екі елдің мәдениетімен танысу үшін туристер ағынын жолға қоюды жоспарлап отырмыз, – деді Баходур Назир. 

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».