Қырымбек Көшербаев: \»Фотоальбомға АҚШ, Еуропа елдерінің архивтерінен тың деректер енгізіледі\»

311

0

Сыр даласының терең тарихы, мәдениеті, экономикалық жетістігі қамтылатын фотоальбомды кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын жарияланбаған фотодеректер енгізілмек. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

Альбом үш тілде шығарылады – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

«Осы жылы өңіріміздің терең тарихы, мәдениеті, экономикалық жетістігі қамтылатын фотоальбом негізінде жасақталған кітап жарық көреді. Кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған фотодеректер енгізілмек»,- деді Қырымбек Көшербаев.

Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің телеатласы және аймақ тарихының электрондық оқулығы жарық көреді. Осында өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлардың ерлігі туралы аңыз-әңгімелер мен жыраулардың қанатты сөздері туралы бейнематериалдар әзірленеді.

Сондай-ақ, еңбек адамының шынайы бейнесі көрсетілетін «Сырым менің сырласым» және ғарыш саласының дамуы туралы «Байқоңыр және космос» кітабын әзірлеу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<