
Аймақ басшысының айтуынша, «Серпін» бағдарламасымен оқуға гранттар ұтып алуда ең үздік нәтижені қызылордалық түлектер көрсетіп отыр. Қазір 4000 студент осы бағдарлама бойынша білім алуда. 2014 жылдан бастап облыс мектептерінің 452 түлегі Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Үкіметінің гранты бойынша оқып жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<