Қызылордада белгілі кәсіпкер жоғалып кетті

264

0

 Қызылордада белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженов екі күннен бері табылмай жатыр.
Мәлім болғанындай, 71 жастағы азамат 15 ақпанда таңғы сағат 05.00 шамасында дария бойында жүгіруге шығып, содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Аталған дерек Қызылорда қалалық Полиция басқармасында тіркелді. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізілуде» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Із-түзсіз кеткен азаматты іздестіру шараларына облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттері қызметкерлері және «Волонтеры Қызылорда» еріктілер тобы қатысуда. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Әділжан Үмбет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<