Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланды

322

0

Қызылордада көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шығып, 47 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Бұл оқиға 16 ақпанда сағат 20:00 шамасында болды. Облыс орталығындағы Абай даңғылы 36 үйдің бесінші қабатында пәтердің бірінде өрт шыққан. Өрт сөндіру қызметінің 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы «112 құтқару қызметіне» түскен хабардан кейін дереу оқиға орнына жетті. «Мамандар оқиға орнында газ түтінінен қорғау жүйелеріне барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етті. Өрт толығымен сөндірілді. Тұрғын үйден барлығы 47 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар көп қабатты үйде тұратын 1 топ мүгедегін қауіпсіз жерге алып шықты. Ол жедел жәрдем көмегімен орталық ауруханаға жеткізілді, жағдайы орташа. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.

Әділжан ҮМБЕТ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<