Қызылордада сотсыз татуласу орталығы құрылады

285

0

Алдағы уақытта Қызылордада сотсыз татуласу орталығы ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникация орталығында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының облыста жүзеге асырылуы жөніндегі брифингте мәлімдеді.
Бүгінде тұрғындардың басым бөлігі қандай да бір дауды шешу үшін сотқа жүгінетін болған. Орталық осындай кикілжіңдерді сотсыз шешу мақсатында құрылғалы отыр. Және бұл тәжірибені Сыр өңірінде бірінші болып жүзеге асыру ұсынылды.
– Билер институты мен ақсақалдар алқасын қайта жаңғырту болар-болмас нәрсе үшін сот жағалайтындардың санын азайтар еді. Қазақ халқының тәжірибесінде бұл баяғыдан бар, – деді аймақ басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<