
Сөз басында филиал төрағасының бірінші орынбасары «Ауыл шаруашылығы қай кезеңде болмасын экономиканың локомотиві болып қала беретіндігін айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін сөз етті.
– Қызылорда облысы 2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойныша қарқынды дамып келе жатқан үздік өңірлердің бестігіне кірді. «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ», – деген. Жалпы айта кету керек, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім өндіру 1,3 пайызға артты. Бұл – тыңға түрен салып, саладағы жаңа жобаларды жүзеге асырудағы сыр аграрларының еңбегі деп білемін, – деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Партия Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының ауылшарушылығын дамытуға оң әсер ететінін де атап өтті.
Кездесу барысында сала мамандары еліміздегі саяси оқиғаның маңыздылығыжан-жақты талқыланды. Бұл орайда, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін, қажет кезінде қабылданып отырғандығын айтады.
– Әлемде түрлі жағдай болып жатқанда біздің елдің бекем бірлігі мен түзу тірлігі жұрттың көз алдында. Сондықтан нақтылық керек. Ал, Президент шешімі осы нақтылыққа апарар нағыз жол,-деді өз сөзінде Жалағаш ауданынан келген «Таң ЛТД»ЖШС-нің директоры Имамзада Шағыртаев.
Жиын соңында қызылордалық аграрилер кезектен тыс Президент сайлауының өтуін толық қолдады.