Жалағаш тұрғыны жаңашыл жобаны қолға алды

473

0

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданының тұрғыны Асылхан Балмаханов жыл басынан бастап халық арасында «кір сабын» аталып кеткен тұрмыстық сабын шығаруды бастады.


Асылханның жасы 28-де. Отбасылы, жары екеуі екі бала тәрбиелеп отыр. Қаржыгер мамандығын алған ол бірнеше мекемеде кассир, есепші, экономист қызметтерін атқарған.


Өзінің мемлекеттік сатып алудан да хабары бар. Сол тендерге қатысу барысында тұрмыстық сабынға деген сұраныстың бар екендігін байқаған.


«Жалпы кір сабын шығару туралы идея өткен жылдан бастап ойымнан шықпай қойды. Алғашында негізгі жұмысымнан өзге қарап жатпай, қосымша табыс тапсам деген ой маза бермей жүрді. Осылайша іздене бастадым. Интернеттен қандай тауарға сұраныстың бар екендігін іздеп, кір сабын шығару идеясына тоқтадым. Оның бірнеше себебі де бар. Біріншіден, біздің облысымызда тұрмыстық сабын шығаратын адамдар санаулы. Екіншіден, тендерлерге қатысып жүргенімде кір сабынды аймақ мекемелері көрші облыстардан алдыртатынын көрдім», – дейді жас кәсіпкер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<