Жалағашта балық шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды

467

0

Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.


Атап айтқанда, ауданда балық шаруашылығын дамыту және қорғау шаралары, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттер, ауданда коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламалар жасалды.


Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Қалниязов баяндама жасап, ауданда балық шаруашылығын дамыту және қорғау шаралары, балық өсіру үшін субсидия алатын шаруашылықтар туралы, көл егелері балық шаруашылығын дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарып жатқанын айтты.


Асылбек Өмірбекұлы ауданда балық шаруашылығын дамыту мәселесі назардан тыс қалып келе жатқанын, салаға жауапты мемлекеттік органдар ҚР Үкіметінің «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» және Қызылорда облысы әкімінің «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» қаулыларын қатаң бақылауға алып жұмыс жасау қажеттігін тапсырды.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Жамалатов хабарлама жасады. Бүгінгі күні ауданымызда «Наркескен» спорт клубы, орталық стадион, спорт залдар мен алаңдар, №13 және №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері аудан халқына қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 30,3 пайызы бұқаралық спортқа тартылған.


Аудан басшысы аудандағы барлық спорт саласы мекемелерінің жан-жақты, талапқа сай жұмыс жасауын ұйымдастырып, бақылауға алуды, бұқаралық спортты, оның ішінде спорттық секциялар желісін дамыту бағытында сапалы жұмыстар атқаруды, орта буын азаматтар мен зейнет жасындағы тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруды және т.б.бірқатар тапсырмалар берді.
Жалағаш ауданы тұрғындары ауыз сумен 100 пайызға қамтылып, 24 сағат үздіксіз ауыз су беру мәселесі жолға қойылған. Бұл туралы күн тәртібіндегі үшінші мәселеге сәйкес Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің басшысы Мұрат Елеусінов баяндады.


Асылбек Шаменов жаз мезгілінде ауыз су жүйесінің қысымы төмендеп, тұрғындар тарапынан наразылықтар көбейетінін, бұл жыл сайын орын алатын жағдай екенін айтып, осы бағытта бөлімше тарапынан нақты шаралар қолға алынуы тиіс екендігін тапсырды.


Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Еркебұлан Мақсұтов хабарлама жасап, ауданда коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар, вакцинациялау туралы баяндады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<