Жалағашта Рәміздер алаңы бой көтереді

635

0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде Жалағаш кентіндегі Дәуімбай елді мекенінде Рәміздер аллеясын салу жоспарлануда.


Рәміздер аллеясының құрылысын 30 тамыз – Конституция күніне орай аяқтап, пайдалануға берілмек.
2020 жылы Жалағаш кентіндегі мемлекеттік рәміздер аллеясын абаттандыруға жоба сметалық құжаттама әзірленді. 2021 жылы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне мемлекеттік рәміздер аллеясын абаттандыру жұмыстарына бюджеттік өтінім ұсынылып, аудандық бюджеттен 69 млн 510 мың теңге қаржы бөлінді.


Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы нәтижесінде хаттамаға сәйкес «Айбар – Ш» ЖШС-гі жеңімпаз болып айқындалды. Қазіргі таңда аталмыш мердігермен келісім шарт рәсімделуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<