Жаңа жылда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді

506

0

Жаңа жыл мерекесі күндері коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Облыс тұрғындарын электр энергиясымен, жылу жүйелерімен және табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылмақ.Жалпы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру маусымы тұрақты жүргізілуде.

– Облыс тұрғындарын алдағы мереке күндері авариясыз табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылмақ. Олар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Жалпы әлеуметтік нысандарға қажетті 33 мың тонна қатты және 25 мың тонна сұйық отын жеткізілді. Жалпы жылу беру маусымының тұрақты өтуі облыстық штаттың бақылауында, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев.

– Қаланы жылу жүйесімен толық қамтамасыз ету үшін негізгі қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеуде. Темпаратуралық режимді кестеге сәйкес тұрақты берудеміз. Келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай мекеме қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес 24 сағат бойы жұмыстарын кезекшілікпен атқаратын болады, – деді «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК директоры Наурыз Сатханов.

, Облыста 10 мың шақырым электр желілері мен 1800 данадан аса қосалқы станциялар күрделі жөңдеуден өтті. 2021 жылғы қысқы дайындық толығымен жоспар бойынша орындалды. Барлық бригада қызметі, автотехника, арнайы техника кез келген авариялық жағдайға дайын, – деді «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев.

– Қала және аудандарды тұрақты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Мереке күндерге қауіпсіздік шаралары» тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Газдың пайдалану режимін апатты-диспетчерлік қызметінің үнемі бақылауында болады. Тұрмыстық газ қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік сақтауды ескертеміз, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының апатты-диспетчерлік қызметінің басшысы Базарбек Ерімбетов.

– Біздің филиал облыс аумағындағы 187 елді мекен мен аудан орталықтарында шоғырланған 405 нысанды ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мереке қарсаңында техникалық жұмысшылардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Барлық ауыз сумен жабдықтау нысандары авариялық қосалқылар мен жанар-жағармаймен толықтырылды, – деді «Нұра топырақ су құбыры» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы директорының орынбасары Ержан Қуандықов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<