Жаңақорғанда күріш көлемі азайды

787

0

Жаңақорған ауданына Сырдария өзенінің жоғарғы ағысынан секундына 540 текше метр су келуде. Су деңгейі Келінтөбе магистралды каналы арқылы секундына 40 текше метр, Сунақата каналынан секундына 6 текше метр, Сумағар каналына 1,5 текше метрді құрады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Оңал Ержанов мәлімдеді.

– Аудан шаруалары 36108 гектар алқапқа егін екті. 146 шаруашылық 6120 гектарға суды Келінтөбе магистралды каналынан, 12 шаруашылық 560 гектарға Сунақата каналынан, 5 шаруашылық 320 гектарға Сумағар каналынан күрішке су алуда. Маусым айының біріне дейін суға бастыру жұмыстары аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жалпы ауданда биыл суды аса қажет етпейтін дақылдарды егу жұмыстары жүруде. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда күзік бидай 1628 гектарға, бақша, картоп 64 гектарға, жүгері 25 гектарға, жоңышқа дақылдары 500 гектарға артық егілді, – деді Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Оңал Ержанов.


Аймақта күріш алқабына былтыр су жетіспеушілік шілде айында орын алған. Биыл мамыр айынан бастап тіршілік нәрі аз болып тұр.

– Биыл егілетін егіс көлемін индикативтік жоспардан асырмау қажеттігі жөнінде ескерту хаттар жіберіліп, артық егілген егістік үшін су жеткізу қызметімен шарт жасалмайтындығы қатаң ескертілді. Каналдардан берілген су деңгейінің төмендігінен күріш бастыру 89 пайызды құрады. Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілген су мөлшері 27 мамырдан бастап облыс шекарасында секундына 550 текше метр болып отыр, – деді «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<