ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

349

0

Бүгінгі таңда білім саласы бойынша алда тұрған ауқымды міндеттің бірі – ҰБТ болса, екіншісі – балалардың жазғы демалысын талапқа сай ұйымдастыру. Апта басында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы хабарлама жасады.

Айталық, аймақта жазғы  дема­лыс  қала, аудан сыртындағы 9 лагерьде 7 ауысымнан ұйымдас­ты­ры­лады, оның 6-ы жыл бойы жұмыс жасайтын лагерь. Осы жылы облыс бойынша 1-10 сынып ара­лы­ғындағы 140464 баланың 136160-ы жазғы тынығумен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде,  қала, аудан сыртындағы  жұмыс жасайтын 9 лагерьде қамтылатын бала саны 9327 болса, мектеп жанын­дағы және басқа да тынығу орындарына баратын бала саны 111167 болып отыр. Ал кәсіподақ пен демеушілер және ата-аналар есе­бінен 15666 бала жазғы демалыс­пен қамтылатын болады. Бұл жалпы оқушылардың 97 процентін құрайды. 

Өткен жылмен салыстырғанда, биыл жазғы лагерьлерде тынығатын балалардың саны біршама артып отыр. Мысалы, «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында» өткен жылы 7 ауысымда 840 бала жазғы тынығумен қамтылса, биыл олардың қатары 980-ге жетеді. Қазалы ауданындағы «Шағала» балаларды сауықтыру-демалыс орталығында өткен жылы 840 бала тынықса, биыл демалатын бала саны 875-ті құрап отыр. Сол секілді қаладағы «Арай-Санрайз» лагерінде де ауысым саны көбейіп, осы жылы 1260 бала демалатын болады.

Жалпы жазғы лагерьлер 1 мау­­сым­­нан жұмысын бастайды. Айта кетейік, биылғы жазда облыс көлемінде балаларды дамыту, сауықтыру,  білім беру, психо­тера­певтік, коммуникативтік қыз­мет көрсететін 485 мектеп жанын­дағы лагерьлер жұмыс жасайды деп жоспарлануда. Оған қоса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясын­да облыстағы мәдени-тарихи орын­дарға, ескерткіштерге, ескі қала­ларға, өлкеміздің көрнекі жер­леріне 18840 балаға экскурсия ұйым­­дастырылады. Ал облыстан тыс ай­мақтардағы орналасқан лагерьлерде мұнай компанияларының қолдауымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасының  балалары  тынығатын болады.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<