Жол уақытша жабық

319

0

Құрметті Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 6 сәуірден бастап Тоқмағанбетов көшесі және Өсербаев көшесіне жол қазба жұмыстары жүруіне байланысты, осы аталған көшелермен қатынайтын қоғамдық көліктер Әйтеке би мен Қорқыт Ата көшелерімен жүретіндігін хабарлайды.
Атап айтқанда, №4, 5, 6, 7, 20, 23 қоғамдық көліктері Тоқмағанбетов көшесі арқылы Әуезов көшесіне оңға бұрылып, Әйтеке би көшесіне түсіп, Желтоқсан көшесімен жүріп, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді.

№3, 11, 14, 17, 19 қоғамдық көліктері Қазыбек би көшесімен Қорқыт Ата көшесі арқылы жүріп, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Қызылорда қаласының әкімдігі