ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ

370

0

Облыс әкімі Қырымбек Кө­шербаевтың халыққа есеп беру кездесуінде былтыр атқарылған іске байыпты баға берілді. Өңіріміздің даму сипатын айқындайтын көр­сеткіштер, қалыпты қарқын қуантады. Кәсіпкерліктің көк­жиегін кеңейту мақсатында да бірқатар бастамалар іске асуда.

 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы болып жарияланып, әзірленген кешенді жос­пар алғашқы нәтижесін беріп үлгерді. Жаңақорған ауданында да жүйелі іс жемісті жалғасын тапты. Қазір бізде агросаламен айналысамын деушілерге арнайы оқыту семинары ұйымдастырылып, қаржылай қолдау, шағын және орта бизнес субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселелеріне басымдық берілуде. Бір сөзбен айтқанда, идеяны игілікке айналдырамын дегенге мүмкіндік көп.

Бұдан бөлек, облыс орталығын көркейтуді көздейтін жобалар ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Кеңейген көшелер, Сырдың сол жағалауынан жаңадан бой көтеріп келе жатқан шағын аудандар шаһардың таяу болашақтағы бет-бейнесін айқындап бергендей. Аймақ басшысының қолдауымен іске асқан осындай толымды тірліктер, игілікті істер өңір экономикасының ілгерілеуіне септігін тигізетініне, оның алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімдімін.

Серік МҰСАБАЙ,

«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<