Аға буынның ерлігі ұмытылмайды

294

0

Тарихқа көз жүгіртсек,  репрессия мен соғыс жылдарында қазақ халқы өздері қиналып отырса да, мыңдаған адамды аман алып қалып, қаншама ұлт пен ұлысқа пана болды. Қазақта «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» деген сөз бар. Бұл ерлік ешқашан ұмытылмайды. Бізге осындай дархан даладай кеңдік, бейбітшілік, мейірім сыйлаған халыққа тек наурызда ғана емес үнемі алғыс айту керек. Менің ұлтым − украин. Бірақ өзімді ешқашан өзге ұлт секілді сезінген емеспін. Қазақша ойлап, қазақша таза сөйлеймін. Қазақ отбасының келінімін. Бұл – елге, халыққа деген сүйіспеншілігім. Ендігі жерде осы отансүйгіштік, ауызбіршілік, адалдық секілді қасиеттерді өзімнің балаларыма сіңіргім келеді. Қиын-қыстауда қамқор болып, бізді осындай жарқын болашаққа жеткізген еліме алғысым шексіз.

Виолетта Бондаренко,

Жалағаш аудандық ауруханасының

жұқпалы аурулар бөлімшесінің мейірбикесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<