Ортақ үйімізден береке кетпесін!

356

0

1 наурыз − көктемнің басы ғана емес, Ассамблеяның құрылған күні. Сондай-ақ Алғыс айту күні.

Қазақстан − біздің Отанымыз, ортақ үйіміз. Осы құтты шаңырақта 130-дан астам ұлттың өкілдері тату-тәтті, бірлікте, ынтымақта тіршілік етіп жатыр. Ұлт пен ұлыстың осылай бір арнаға тоғысуы – қазақ халқының дархандығы мен асқан төзімділігінің нәтижесі.

Кез келген ұлт үшін бейбітшілік заманда өз халқымыздың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін ұмытпау, мемлекеттік тілді білу өте маңызды, алайда ең басты байлық − еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақ. Сондықтан ешқандай алауыздық болмай, барлық ұлт өкілдері тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүрсе деп тілеймін.

Бүгінде елімізде әр адамның алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Ешкімді ешқашан да бөлген емес. Бәрімізге бірдей тең құқық берілді. Адамдарды жақындастырып, сыйластықты арттыратын осынау мерекеде қазақ халқына алғыс айта отырып, барша қазақстандықты осы мерейлі мерекемен құттықтаймын.

Саида Адильбаева,

Е.Бозғұлов атындағы №249

мектеп-лицейдің мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<