Бала тәрбиесі бәрінен маңызды

216

0

Қазір қоғамның алдында тұрған басты мәселелердің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың, өсуіне жол бермеу, оның алдын алу. Статистикаға жүгінсек, қоғамдық тәртіпті бұзатын, құқықбұзушылықты, қылмысты жасайтын, сондай-ақ ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған жасөспірім балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан.

Кейбір ата-аналар өз баласының тағдырына алаңдамайды, олардың үй­ден және мектептен тыс бос уақытында немен айналысып жүр­генін бақыламайды, қадағаламай­ды. Ата-ана мен оқу орындары та­рапынан тиісті бақылаудың бол­мауы да – құқықбұзушылыққа, қыл­мысқа итермелейтін фактор. Жас­өспірім құқықбұзушылық пен қылмысты ішімдік, есiрткi, психо­троптық заттардың әсерінен жасай­тыны құпия емес. Мәселен, түнгі ойын-сауық орындарында жасөс­пі­рімдер алкогольдік ішімдіктің не­ше түрлісін ішіп, есiрткi, психо­троптық заттарды қолданып құқық­бұзушылыққа, қылмысқа баратын жағдайлар жиі кездеседі. Өйткені ішімдік пен есірткі оларды қылмыс жасауға итермелейді, ықпал етеді.

Елімізде кәмелетке толма­ған жас­өспірімнің ата-ана бақылауын­сыз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүруінің өзі әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады, ол үшін тіпті әкімшілік жаза да қа­рас­­тырылған. Мәселен, Әкім­ші­лік құқықбұзушылық туралы ко­декс­тің 442-бабына сәйкес, кәме­­летке толмағандардың түнгі уақыт­та заң­ды өкілдерінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық меке­ме­лерінде болуы заңды өкіл­дері­не үш айлық есептік көрсеткіш мөл­шерінде айыппұл салуға сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы көрсетілген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішін­де қайталап жасалса, жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып­­пұл салынады.

Алайда, бұл ережелерді жасөс­пірім­дердің барлығы бірдей сақ­тай бермейді. Ата-ана бақыла­ма­ғандықтан тұрғынжай­дан тыс жер­ге кетіп, құқықбұзу­шылықтар мен қылмысқа барады. Тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке толмаған кейбір жасөспірімдер мұның соңы неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды, түсінбейді, жет­кі­лікті ұқпайды. Сол себепті ата-ана балаларына дұрыс тәрбие бе­руі, жүріс-тұрысын күнделікті ба­қы­лауы, жасөспіріммен жақын жә­не ашық сөйлесіп, оның айнала­сын­дағы достары мен таныстары туралы хабардар болуы қажет. «Адам­ға ең бірінші білім емес, тәр­бие берілуі керек, тәрбиесіз бе­рілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп Әбу Насыр әл Фараби бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне қоғам болып көңіл ау­дару қажет. Жасөспірімдерге заң ту­ралы ұғындыру да міндет.

Л.АХМЕТОВА,

 Қызылорда КПБ ЖПҚб

ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы,

полиция подполковнигі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<