2019 жылы Хэмингуэйдің еш жерде жарияланбаған екі әңгімесі жарыққа шығады

354

0

2019 жылы ХХ ғасырдың ең үздік жазушыларының бірі, Нобель сыйлығының иегері (1954 ж) Эрнест Хемингуэйдің еш жерде жарияланбаған екі әңгімесі жарыққа шығады. Бұл туралы Associated Press агенттігіне автордың әдеби мұрасына иелік ететін Майкл Катакис хабарлаған. 

Әлемге әйгілі жазушы бұл шығармаларын 1950 жылдардың ортасында жазған. Біріншісі – «Monument»(«Монумент»), екіншісі «Indian Country and the White Army» («Үнділер елі және ақтар әскері») деп аталады. Туындылар «Қоңырау кімге соғылады?» роман кітабын толықтырады. Сондай-ақ бұл кітаптың қайта басылған нұсқасына тамыз айында Strand Magazine журналында алғаш жарияланған «A Room on the Garden Side» («Бақша көрінетін бөлме») әңгімесі де енеді. Эрнест Хемингуэй 1956 жылы 5 әңгіме жазған. Барлығында дерлік өзінің Екінші Дүниежүзілік соғысқа тілші ретінде қатысқаны жайлы баяндайды. Жазушы баспагер Чарльз Скрибнерден бұл әңгімелерін өзі өмірден озғаннан кейін жариялауын өтінген. Себебі шығармаларында соғыс пен қанды оқиғалар көп жазылған. Америкалық танымал жазушының еңбектері әлі күнге дейін еш маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Әлі күнге дейін еңбектері әлемнің түрлі тілдеріне аударылып, көп оқырманның сырласына айналып жүр. Қазақ оқырмандары арасында жазушының «Шал мен теңіз», «Қош бол, майдан» атты еңбектері кеңінен танымал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<