Аллаға ризамын, адал дос тапқаныма!

673

0

Сыр елі орны толмас төл баласынан, перзентінен ойда жоқта айырылып қалды. Өкі­ніште қалдық. Кім де болса бұл әлемде өзінің жолы бар, тағдыры бар. Сәкең шоқтығы биік, аңыз адам болатын. Өмір жолында өзіне лайық орын алды. Облыс халқына қадірлі, республика жұртшылығына танымал, өресі биік, мәртебесі жоғары болды.
Арсыз ажал кімді жылат­паған, Сәкең қай ортада бол­са да халықтың ыстық ықы­асына бөленіп, ел ағасы атанды. Тағдыр мені осындай жайсаң, текті азаматқа дос қылды. Аллаға ризамын, адал дос тапқаныма. Ағайын, адам өлген­менен өзін көргендердің көңі­лінде мол уақыт сақталатын адамдар болады. Міне, соның бірегейі осы Сәкең деп мен айта аламын. Адам егер өткен жолымен, еңбегімен бағаланатын болса, онда Сәкеңнің өткен өмір жолы, істеген іргелі істері елінің сүйген жаны деп айтар едім. Қазақта мақал бар, «Мың қарға тең келмейді бір сұңқарға, мың жылқы тең келмейді бір тұлпарға» деген. Міне, осы теңеуді мен Сәкеңе арнаймын. Кеше ғана Ыдырыс ағамыздың жылдық асында Сәкең мынадай сөз айтқан болатын.
«Ыдеке, сіздің өміріңіз де өнеге, өлігіңіз де өнеге!» Мен бүгін сол сөзді Сәкеңнің өзіне қайталағым келіп тұр. «Сәке, сіздің өміріңіз де өнеге, өлігіңіз де өнеге болып жатыр. Иә, Сәке, бүгін халқың, жұртың жапырылып мәңгілік сапарға шығарып салуға келіп жатыр. Риза болыңыз! Иманыңыз жолдас болсын, жатқан жеріңіз жарық болсын, қайран Сәкем!»
Тұрғанбай МАХАНҰЛЫ,
қоғам қайраткері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<