Ақиық ақынның мұрасы

1490

0

Биыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Атаулы күнге орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тарих факультетінің кітапханалық ақпараттық жүйелер мамандығының 3- курс студенттері «100 кітап аясында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына тағзым» атты ашық тәрбие сағаты Zoom платформасында өтті.

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен танысып, жыр жолдарын көрерменге дәріптеу. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну мақсатын көздеген шараға студенттер белсенді қатысты.

«Оқуға міндетті 100 кітап» жобасы негізінде оқылатын кітаптар тізіміне Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» және «Мен қарапайым қарттарды сүйем» туындылары орын тапты. Бұл-халқымыздың жүрегі жырдан нәр алған, өмірі өлеңге айналған ақынын құрметтеп ардақтағанның белгісі. Ақынның шығармашылығына арналған бұл шарада ақынның жан дүниесіндегі толқыныстар көрініс тапты. М. Мақатаевтың поэзиясы оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалатын қойылымдар ақын өмірінің кейбір сәттерін бейнелей отырып, көрерменді қуантты. Мұқағали мұрасының мәңгілік өлмейтін, ғұмыры ұзақ, ғибраты мол, ғасырдан-ғасырға жететін жақұт екендігінің дәлелі.

Толқын МҰХАЖАНОВА, топ эдвайзері, тарих ғылымының кандидаты, қауымдастырырылған профессор,

Сәния ЕМБЕРГЕН, кітапханалық ақпараттық жүйелер мамандығының 3-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<