ӘБІЛӘШТАЙ ӘН САЛСА…

185

0

  Фототілші Болат Омар­әлиев түсірген бұл суретте әнші-термеші, Нартай мек­­тебінің өкі­лі Әбіләш Әбуов өзін қау­ма­лаған өнер­паздардың ортасында сахнада ән шырқап отыр. Жасынан өнерге  бейім болған ол есейе келе әсіресе, халық ән­дерін шебер орын­дау­шыға айналды.
Өнерпаз жігіт жас кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Украинаның Днепродзержинск қаласында білім алған. Қазақ жігіттерінің туған жерге, өскен ауылға, ағайынға, елге деген сағынышын әнмен тербеген. Елбасы «Өмір өт­кел­дері» кітабында «…Ән демекші, біздің арамызда нағыз әншілер де болды. Қызылорданың Шие­лісінен Әбіләш Әбуов деген жігіт бар еді. «Нартай» дей­тін­мін мен оны. Дауысы сондай ашық, мөлдір, таза. Еркін айтады. Нағыз консерваторияда оқитын-ақ жігіт. Өз арамызда домбырамен ән шырқаса да, жұрт алдына шығуға ұялады. Сол Әбіләшті мен біраз жерге сүйредім. Училищедегі көр­кем­өнерпаздар байқауына қа­тыстырып ем, бірінші орынды жұлып алды. Содан енді қояр да қоймай теледидарға апардым. Қазақ әнінің сұлулығын танытып берді» деп еске алған.    
Әбіләш Әбуов қазақ дала­сын­дағы Сыр, Арқа, Жетісу мек­тептерінің мақам­дарын мең­герген өнерпаз еді. Дәстүрлі әндерді ал­ғаш­қы қалпынан айнытпай, тыңдаушысын тәнті етіп шырқайтын. Орындаушылық шебер­лігімен, айрықша қа­бі­ле­тімен, құймақұлақ зерек­тігі­мен ел есінде қалған өнер иесінің шығармашылығы туралы толымды  зерттеу керек-ақ. Өйткені Алты Алашқа ән оздырған әнші-термешінің өнер әлемінде қалдырған ізі  әлі де сайрап жатыр.

«СБ» руханият.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз