Дильназ – бас жүлдегер

1185

0

9-11 наурыз күндері Алматы қаласында жалпы білім беру ұйымдары оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Оған еліміздің барлық өңірінен оқушылар қатысып, Шиелі ауданындағы №206 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дильназ Ержігітова бас жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, республикалық айтысқа оқушыны әкесі Асхат Әміров дайындапты. Ол қызының алар асуы әлі де биік екеніне бек сенімді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<