Кесімдер мен қисындар тоғысында

2146

0

Жерлесіміз, жазушы, көсемсөзші-эколог, қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлының жаңа кітабы жарық көрді. Кітап аты – «Топансу жүзін жуған Ұлы Дала».

Жазушының соңғы ширек ғасырда республикалық басылымдарда жарияланған ғылым кесімдері мен қисындар тоғысындағы ойларынан туындаған гипотезалық пайымдаулары, туған жер туралы толғаныстары, күрделі-күрмеулі кейбір жайттардың шешімдері туралы өзіндік көзқарастары  жаңа туындының негізін құрайды. Беделді ғылыми орталарда бекіген концепцияларды жаңа, соны көзқарастарда саралап, өзіндік ой таразысына салған автор тұғыры өзінің тосындығымен, тіпті, кей реттерде батыл кесімдерімен оқырманды тәнті етеді. Бұл туралы кітапқа алғысөз жазған ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Берекет Кәрібаевтың пікірі жаңа туынды табиғатын оқырманға ұғынықты ашып берген.

Көпшілікке көркем кітаптарымен кеңінен танымал қаламгердің эссеистика жанрындағы бұл туындысы ізденуші-жазушы шығармашылығының жаңа бір қыры деуге болады. Кітаптың ой аясы кең, тақырып ауқымы сан алуан. Әр тақырып дүниелері, өз табиғатына сай, кітаптың төрт бөліміне топталған. Тілі жатық, оқырманды қызықтырып тартатын сюжеттері мол.

Кітап «Жиенай» баспасынан шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<