Ұлы даланың көне сарыны

391

0

 А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай «Ұлы даланың көне сарындары» атты концерт өтті. Концертті партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес ашып, Абайдай ұлы ақынның атамекені – Семей өңірінен бастау алған жыр керуені мың жылдықтар тарихы тоғысқан Тұранның төрі – Сыр бойының халқымен қауышып отырғанын атап өтті. 

Сыр сүлейлерінің жалғасы Алмас Алматов бастаған Руслан Ахметов, Серік Жақсығұлов, Майра Сәрсенбаева, Шолпан Биімбетова, Ақмарал Ноғайбаева сынды дәстүрлі өнер өкілдері Сүйінбай ақын, Сәрсенбай жырау, Майлықожа, Көшеней, Нартай жыр­ларын нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, ұлттық өнердің қадір-қасиетін танытып жүрген дәстүрлі әншілер Гүлмира Саринаның Т.Айбергеновтің сөзіне жазылған «Сағыныш» әні, Ерлан Рысқалидың орындауындағы Ш.Ділдебаевтың «Шындық туралы толғауы», «Молдабайдың әні» сияқты әндер де халықтың ерекше қошеметіне ие болды.

Ұлы даланың көне сарындарын насихаттап, дәстүрлі өнерде дараланып жүрген Күнсұлу Түрікпен, Мұхамбетәли Бекпейісовтер де әдемі кештің шырайын келтірді. Концертті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов жүргізді.

Ғазиза ӘБІЛДА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<