Ұлылар ұлықталды

388

0

Өткен жылы ғана облыс орталығы болған қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдық мерейтойларына орай халықаралық форум өтті.
Екі күнге жоспарланған форум жұмысын профессор Құлбек Ергөбек жүргізді. Бұл шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Татарстан, Саха, т.б. түркі тектес мемлекеттердің ғалымдарымен бірге Қызылорда облысынан шақырылған арнайы делегация қатысты.
Форумда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ университеті­нің ректоры, профессор Болатбек Әбдірәсілов сөз сөйледі. Сондай-ақ, университет ректорының өкілі Женгис Томар, Қырғызстан Республикасы ҰҒА-ның Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының бөлім басшысы, профессор Мээрим Колбаева, Әлішер Новаи атындағы Ташкент өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университетінің проректоры Жора Козиев Нодирбек, Қазан қаласынан келген заң ғылымдарының докторы, профессор Динара Миннигулова ой бөлісті. Ал Қызылордадан Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Қазыбай Құдайбергенов Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың өмір жол­да­рындағы ұқсастықты, тарихи сәттерді әсерлі түрде жеткізді.
Сонымен қатар, облысымызда қос тұлғаның 90 жылдығына орай кешенді түрде өтіп жатқан та­нымдық, тағылымдық шаралардан форумға қаты­сушыларды хабардар етті.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<