«Маржан сөз, қоңыр үн»

1404

0

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Маржан сөз, қоңыр үн» атты көркемсөз оқу шеберлері мен концерт жүргізушілерінің облыстық конкурсы өтті.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы ұйымдастырған байқауға 22 талапкер қатысты. Іс-шарада аталған орталықтың басшысы Мұхтар Ниязов талапкерлерге сәттілік тіледі.

Байқауға Қызылорда телеарнасының редактор-жүргізушісі Қанат Әбдіқадыров, Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының артисі Қанат Арқабаев, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының маманы Қонысбек Мәлік қазылық етті.

Сөйлеу әдебін, сахна тілін меңгерген өнерпаздарды тәрбиелеуді мақсат еткен байқауда қатысушылар актерлік шеберлігімен, көркемсөз оқу мәнерімен бақ сынасты. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынмен М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенті Сабыр Дильназ, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің студенті Қанатұлы Танат, Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің әншісі Ақерке Жанәділ марапатталды. Ал, ІІ орынды Жаңақорған ауданы №163 орта мектебінің оқушысы Икрамхан Нұрсұлтан мен Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылының тұрғыны Бекжан Нұрман иеленді. Жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өзгелерден дараланған Арал ауданы Аманөткел ауылы №73 орта мектебінің оқушысы Ердос Есқали жүлделі І орынмен марапатталды.

Жеңімпаздар арнайы диплом, қаржылай сыйлықпен, қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<