МУЗЕЙДЕГІ ҚҰНДЫ МҰРА

341

0

 Қазалы қаласында көне тарихтың куәсін­дей ғимараттар бар­шылық. Солар­дың бірі қайта жөн­­деуден өткізілген рес­­публикалық са­нат­тағы архи­тек­туралық ес­керткіш – Нұралы ме­шіті. Бұл мешiттi 1915 жылы саудагер Мүрәлiм Меркемалов қыш кiр­­пiштен сал­ды­рыпты. 
1937 жыл­ға дейін ме­шіт болып жұ­мыс іс­теп, Кеңес үкі­меті кезінде әс­ке­ри казарма, сосын емхана қыл­ған. Мешіттің намаз оқитын үлкен бөлмесі бір­неше бөлікке бөлініп, түрлі меке­мелерге айналып, клуб, емхана, спорт мектебі, дәріхана болған 1990 жылы жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, 1991 жылы қайта мешiт болып ашылды. 2010-2012 жылдары Нұралы мешітіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2016 жыл­дың 21 наурыз­ын­да мешіттің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуы қар­саңында мешіт қыз­меткері Барахат Жапақұлы ХХ ғасырдың басында жасалған темірден құйылған күрек тапқан.
– Мешіттің ауласында тазалық  жұмыстарын жасайын деп сыртқа шыққанбыз, қазып жатқанымда 1 метр­ден төмен тереңдіктен осы күректі таптым, жер астында жатқанына ұзақ уақыт болған. Сыртын тот басып кеткен, мешіттің құрылысы басталған уақытта ұстаның пайдаланған құралы болса керек, – дейді молда Барахат Жапақұлы.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, археолог, тарих ғылымдарының Рhd докторы Әзілхан Тәжекеевпен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «археология, этнология және музеология» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тәттігүл Қартаеваның пайымдаулары бойынша,  күрек бір  ғасыр уақыт бұрын жасалған. Ерекшелігі, оның еш жері бекітпелермен бекітілмеген. Ұста қолынан шыққаны көрініп тұр.        
Жер астынан табылған жәдігерді Барахат Жапақұлы өз қолымен Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейіне тапсырды.  

Әлібек СЕРАЛЫ,
Ғани Мұратбаев мемориалдық
музейінің қор сақтаушысы,
Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<