«Өлең – менің сертке берік сырласым»

1040

0

Сыр сүлейлерінің ізін жалғаған, айтыстың ақтаңгері  Әбілхайыр Сыздықов – 50 жаста. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.  Жуырда А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде  ақынның мерейтойына арналған «Өлең – менің сертке берік сырласым» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Жастар театрының сахналауындағы қойылыммен басталған кешті Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ниязов ашып, ақын шығармашылығына кеңінен тоқталды. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының директоры Ж.Құрамысова басқарма басшысы А.Есжановтың құттықтау хатын тапсырып, иығына жапан жапты.

Кеш қонақтары Б.Шойбеков пен Түркістан облыстық дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры М.Есжанова жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар өнердегі ағалары С.Ыдырысов, белгілі режиссер-сценарист О.Нұрмаханов, «Қазгермұнай» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ысқақов, «Марсель GOLD» компаниясының директоры, меценат Н.Мәжитов және П.Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, ақынның мерейін үстем етіп, арнайы сый-сияпат көрсетті. Айтыс әлеміндегі үзеңгілес достары да ақын кешінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Әдеби-сазды кеште ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, Сырдың талантты ақын қыздарының бірі Мөлдір Айтбай мен жас жүйрік Бексұлтан Орынбасаровтың қызықты айтысы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның бейнеқұттықтауы көрсетілді. Өз кезегінде айтыскер ақын Әбілхайыр Сыздықов оқырмандарына арнап жалынды жырларын оқып, көпшілікке алғысын білдірді.

Ақынның 50 жылдық мерейтойына арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<