Ол нағыз дұрыс адам болды

553

0

Ол нағыз дұрыс адам болды Бүгін Қызылорда халқын қайғылы жағдай біріктіріп тұр. Біздің досымызды, жолдасымызды, ұзақ еңбек және достық жолын бірге өткізген менің бұрынғы басшымды ажал арамыздан алып кетіп отыр. Осы бір ғажайып өлкеге  есімі кеңінен танымал адам дүниеден озып отыр. Оның қасында мыңдаған адам өсіп шығып, Қызылорданың қоғамдық өмірінде өз орындарын тапты. Сейілбек Шаухаманұлы өзінің жанындағы адамдардың  өмірі мен жұмысын дұрыс ұйымдастыра алатын, мінезі өте ғажайып адам болды. Жасырмаймын, бірге жұмыс істеген барлық жылдары мен ол кісінің маған және мен басқарған ұжымға берген тапсырмалардың барлығын да  жоғары көңіл күймен орындадық. Өйткені, ол нағыз дұрыс адам болды.  Мұндай адам тек бір аймақтың ғана ұлы болып қалмақ емес.
Бүгінгі қайғы Қазақстанда және Қазақстаннан тыс жерде тұрып жатқан оның шәкірттері мен осы өлкеде жұмыс істеген көптеген адамдардың жүрегі мен жан дүниесіне ауыр мұң салып отырғанына мен өте сенімдімін. Сейілбек Шаухаманұлы Қазақстанның бола­шағына жол салған азғантай ғана адамдардың тобына жатады. Ол облыстық әкімшіліктердің алғашқы бі­рін­ші басшыларының жә­не алғашқы облыс әкім­дері­нің қатарына жатады. Ол өмірінің соңғы күні­не дейін өзін қоршаған адам­дардың моральдық-эсте­тика­лық, моральді-этикалық қажеттіліктерін қана­ғаттан­дыру үшін барлық білімін, күш-қуатын аямастан еңбек етті. Мен Сейілбек Шаухамановпен бірге болғанымды мақтан етемін, қадір тұтамын. Екі күндей ғана бұрын онымен бірге болдық, қоштасып тұрып бір-бірімізді құшағымызға ал­дық, бірақ оның соңғы рет болып тұрғанын білген жоқпыз.
Мәңгілік мекеніне аттандырар сәтте осы бір тамаша жанға жатқан жерің жайлы болсын демекпін. Оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталатын болады.
Виталий БРЫНКИН,  
 мемлекет және қоғам қайраткері.
Қызылорда облысы атқару комитетінің
төрағасы қызметін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<