«Оны жеңдірген ата-бабамыздың аруағы ғой!»

1170

0

Біз әлемге бай ауыз әдебиетімізбен мақтана аламыз. Соның айтулы өкілі, әйгілі халық ақыны Жамбыл Жабаевтан бірде:

– Жәке, осы аузымен құс тістеген Құлмамбетті жеңдім дейсіз, қалай жеңдіңіз ? – деп сұрапты біреу. Сонда Жамбыл:

– Оны мен жеңгенім жоқ, атамыз Қарасай мен Сүйінбайдың аруағы ғой жеңдірген! – деп жауап беріпті. Осы әңгімені естіген Бауыржан Момышұлы тебірене таңданып:

– Қандай терең жауап! Егер маған біреулер: «Ұлы Отан соғысында жауды қалай жеңдіңіздер?» деп сұрақ қойса, Жәкеңе ұқсап: «Жауды біз жеңген жоқпыз, оны жеңдірген ата-бабамыздың аруағы ғой!» деп жауап берер едім! – деген екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<