Қорқыт ата университетінде ұжымға ауызашар берілді

3249

0

​Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Ораза тұтқан оқу орнының қызметкерлеріне ауызашар берілді. Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова жиналған қауым алдында сөйлеген сөзінде Қасиетті Рамазан айының халықты береке-бірлікке шақыратынын айтты. Ислам дінінің өркениет құндылықтарын, бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын атап өтті.


Оқу орнының қонағы Біріккен Ұлттар Ұйымының экология және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі, Орталық Азиядағы волонтері Роберто Болтри Наурыз мерекесімен құттықтап, іс-сапары қазақтың ұлттық мерекесіне орай сәйкес келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Университет ардагерлері ақ батасын беріп, құран бағышталды.
Сауабы мол берекелі дастархан басында Рамазан айының қасиеті ұлықталып, ораза ұстаудың дәрежесі дәріптелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<