Рухани жаңғыру – жарқын болашақтың ізгі бастауы

372

0

Шын мәнінде «Рухани жаңғыру» дегеніміз не? Рухани жаңғыру ұғымының ізгі, жарқын, сәулелі ұғым екеніне дау жоқ. Бұл жобаны біреулер кезекті жолдау деп, ал кейбірі жаңа өзгеріс деп түсінеді. Рухани жаңғыру – бабалар үнін ұмытпай, ұлт құндылығын, ұлт сана-сезімін жаңғырту. Бағдарлама аясында санамызды дамытып қана қоймай, тарихқа қол соза аламыз.
Қазақ тарихының қойнауына кеткен асыл мұраларымыз жетерлік. Кешегі Сайрам, Отырар, Сығанақ деген көркем қалалар қазір біз үшін тарих қана. Тарих болғанымен, қазіргі және кейінгі ұрпаққа үлгі. Осындай көне қалаларымыз бен ескерткіштерімізді мәңгіге ел жадында сақтауға бағдарламаның қосатын үлесі зор.
Алғашында бағдарлама елге таңсық болғаны сөзсіз. «Рухани жаңғырудың» 6 бағыты бар: бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы. Осы бағыттарды негізге ала отырып, жаңа өзгерістерге бет бұрып жатырмыз.
Мен оқушы болғандықтан «Білімнің салтанат құруы» тақырыбы өте жақын. Ел жастары білім мен ілімге, оқу мен ғылымға ынтық. Жаһандану заманының жылдам ағысына ілесе отырып, көш бастау – керемет нәтиже. Қазір білім саласы мен жаңа технология саласы қатар дамып келеді. IT саласына мән беріліп, оқушылардың ой-өрісін кеңінен дамыту қолға алынып, мектеп жүйесіне енгізілді. Мұның өзі жаңашыл дүние болғанымен, оқушылар тез меңгеріп, шеберліктерін шыңдауда. Білім саласындағы өзгерістер мұнымен тоқталып қалмақ емес. Бірнеше жаңартылған бағдарлама оқу жүйесіне енгізілген болатын. Рас, алғашында оқушылар қиналып, үйренісе алмады. Бірақ жаңа әдістердің пайдасымен толық танысқаннан кейін бағдарламаны тез қабылдады. Жаңартылған бағдарлама арқылы оқушы өз құқық деңгейлерін біліп, өз-өзін бақылап, бағалай алады. Өз бетімен жұмыс істеуге де өте қолайлы әдіс. Осының өзі Қазақстанда білімнің салтанат құрғанын көрсетеді. Келешекте осы біліммен жетіліп өскен оқушылармен еліміз толағай табысқа кенелетініне нық сенімдімін.
Айдана ШАЛҚАРОВА,
Қызылорда қаласы №145 орта мектептің 11-сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<