«ТІЛ АРУЫ» – СЫР АРУЫ

709

0

«ТІЛ АРУЫ» – СЫР АРУЫҚазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен «Тіл аруы – 2013» байқауында үздік шыққан облыстық статистика департаментінің бас маманы Жеңіскүл Сарекеева жерлестерін қуанышқа бөледі.
Еліміздің статистика агенттігі ұйымдастырған бұл сайысқа агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық органдарынан 21 үміткер қатысты. Екі кезеңнен тұрған байқау барысында үкілі үміткер өздері мен туған жерлерін таныстыру, қабілеттері мен шеберліктерін танытатын үй тапсырмасын орындау, «Көп білгеннің өрісі кең» атты логикалық сауалдарға жауап беру, сондай-ақ «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша білімдері мен өнерлерін паш етті.
Байқау қорытындысында ерекше өнерімен көрінген Жеңіскүл Досболқызы бірінші орынды жеңіп алды. Ол агенттіктің арнайы дипломымен марапатталып, ақшалай сыйлықтың сертификатына ие болды.
Сөз соңында Қыз Жібек пен Баян сұлудың бейнесі бойынан табылған, Ақжүніс пен Назымның көркемдігі көрінген, сұлу Сырдың сымбатына айналған Жеңіскүл қызымызға болашағың жарқын болсын демекпіз.
Бақтыбай СМАЙЫЛҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<