Облыстық ішкі саясат басқармасының жұмысы қорытындыланды

1152

0

Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жастар ресурстық орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы жұмыс қорытындысына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Айта кету керек, биылғы жылы басқару саласын айтарлықтай кеңейтетін бірқатар құрылымдық өзгерістер болды. Атап айтқанда, оған жаңа функциялар берілді – жастармен жұмыс жөніндегі бөлім, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастар бөлімі құрылды, БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс жөніндегі бір бөлімге біріктірілді. Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшелері Жастар ресурстық орталығы және «Қоғамдық келісім» КММ қосылды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды.

Бүгінде басқарманың қызметі «Сыр медиа» ЖШС медиа-холдингімен және «Рухани жаңғыру», жастар ресурстық, ақпараттық-талдау, тілдерді оқыту орталықтары және өңірлік коммуникациялар қызметімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

– Биылғы жыл біз үшін жемісті және оқиғаларға бай болды. Біздің үлкен ұжымның басты міндеті-ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі ұйымшылдық. Басқарма қызметкерлері мен бізге қарасты мекемелер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін алғаш рет спорттық турнир өткізілді, онда жастар ресурстық және ақпараттық-талдау орталықтарының, қоғамдық келісім орталығының мамандары ерекше көзге түсті. Ұжымдағы ұйымшылдық пен жұмыс тәжірибесін арттыру – біздің басты қағидатымыз, – деп атап өтті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова.