Украина делегациясы Ресеймен келіссөз жасайтын жерге келді

2277

0

Киев делегациясы дүйсенбі күні Беларусьпен шекараға Ресеймен келіссөздерге қатысу үшін келді. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Украина делегациясы украин-беларусь шекарасы аумағына Ресей Федерациясы өкілдерімен келіссөзге қатысу үшін келді. Келіссөздердің өзекті мәселесі – оқ атуды шұғыл тоқтату», – деді агенттік.

Киев делегациясы құрамына елдің қорғаныс министрі Алексей Резников пен Президент Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк кірген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<