Өмірдің бастым солай баспалдағын…

572

0

25-те жалындап жасқанбадым,

Шығардым тау мен тастың «тас-талқанын»…

Сырдың суы келместей сирағымнан,

Тыныштық бермеуші еді «тасқан қаным…»

30 бен 40-та да жасқанбадым,

Бұйырған несібеден аш қалмадым…

Көктемде атып алып жүруші едім,

Айдын көлдің қаздар мен қасқалдағын…

50 мен 60-та да жасқанбадым,

Өмірдің бастым солай баспалдағын…

70-тен асқан кезде жүрек сезді,

Баяулау жүрісімнің басталғанын…

Алдымда 80-ім мен 90-ым бар,

Көңілді бәйге атындай қосқаным бар…

ЖАРАТҚАН Ай жарылқап ғұмыр берсе,

Жасамақ алда талай жоспарым бар…

80-іңде сезесің «күз» дегенді,

90-да табу қиын іздегенді.

Бәріңе тілейтінім тек жақсылық,

Баршаңа Алла берсін 100 дегенді!

Қарттарым,  мереке құтты болсын!

Қазыбек Әшірбекұлы,

ҚР ІІМ-нің Еңбек және Құрметті ардагері,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<