Бизнесті дамытудың тиімді тетігі

1056

0

Жекешелендіру – мемлекеттің жеке секторға қатысуын азайтуға бағытталған рәсімдердің жиынтығы және ең бастысы, бұл бизнесті ынталандыру мен дамыту жөніндегі шаралардың бірі. Жекешелендіруге жататын ұйымдар тізіміне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала объектілері, акционерлік қоғамдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтері кірді. Мемлекеттік кәсіпорындар жеке бизнестің бәсекелесі және жекешелендіру жеке бизнес жұмыс істейтін салалардағы тең емес бәсекелестікті жоюға бағытталған.

Газет тілшісі жекешелендіруге қатысты сұрақтарды облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаевқа қойып, кешенді жоспардың жүзеге асу барысы туралы білген еді.

– Кейінгі жылдары бизнес процестерді оңтайландыру үшін «Мемлекеттік мүлік ту­ра­лы» Заңның бірқатар ере­желері қайта қаралды және жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына елеулі өз­герістер енгізілді. Осы орай­да біздің аймақта қандай өзге­рістер болды?

– Жекешеленді­рудің 2021-2025 жылдарға ар­налған жаңа кешенді жоспары қабылданды, оған 13 объект енді. Бәсекелес ортаға беруге жататын объектілер тіз­бесіне «Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның 4 тәуелді ұйымы да енгізілді.

2014 жылдан бері ел бойынша жекешелендірудің екінші тол­қы­ны жүруде. Содан 2020 жылға дейін 17 нысан мен үлес сатылды.

Облыс бойынша барлығы тізбеге 10 жауапкершілігі шек­теулі серіктестік, 2 коммуналдық кәсіп­орын және 1 акционерлік қоғам ен­гізілді. Жекешелендіру жоспарына сәйкес жылдың ба­сында «Қайсар «Қызылорда об­лыстық футбол клу­бы» ЖШС-ның мемлекеттің қатысу үлесінің 51%-і кейіннен сатып алу құ­қығымен сенімгерлікпен басқа­руға берілді. Бұдан бөлек бәсеке­лестікті дамыту және мемлекеттік активтердің бір бөлігін жеке секторға беру мақсатында білім саласындағы колледждерді бә­секелестік ортаға беру мәселесі қарастырылып жатыр.

– Жекешелендіру объектісі деген не? Жекешелендіруді өт­кі­зудің негізгі қағидалары ту­ралы айтып берсеңіз…

– Мемлекеттік мүліктің мы­надай түрлері – кәсіпорын мүліктік кешен ретінде; ак­цио­нерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеу­лі серік­тестіктердің жарғылық капи­та­лындағы қатысу үлестері, т.б., жекешелендіру объектілері. Жер­­гі­лікті атқарушы орган оны жеке­шелендіру туралы ше­шім шығарған күннен бастап мем­­ле­кеттік мүлік жекеше­лен­діру объектісі болып саналады. Осыған байланысты, ком­му­нал­дық меншіктегі объектілерді же­кешелендіру мәселелері жө­нін­­дегі комиссия құрылды, оған мем­лекеттік органдардың өкіл­дері, Қа­зақстанның Ұлттық Кәсіп­керлер палатасының өкілдері енгізілді, сату кестелері бекітілді. Барлық нысандар бойынша Жол карталары бекітіліп, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына орналастырылды, сату алдындағы дайындық жұмыстары басталды.

Жекешелендірудің 2021 жыл­ға арналған Кешенді жос­пары­ның іске асырылу барысын ақпа­раттық сүйемелдеу мақсатында облыс­тық медиа-жоспар бекі­тілді. Мемле­кет­тік мүлікті бас­қа­рудың  негізгі принциптері – заң­дылық, есеп бе­рушілік және ба­қылауда болу, жариялылық, мем­лекеттік мүлікті қоғам игі­лігі үшін тиімді пайдалану, бәсе­келестікті дамыту үшін жағдай­ларды қамтамасыз ету.

– Жекешелендіру объектіле­рін сату ережелеріне енгізілген  өзге­рістер туралы айтсаңыз…

– Егер жекешелендіру объек­­­ті­­лерін сатудың бұрын қолда­­нылған нормаларында объек­тіні бірінші және екінші сауда-сат­тыққа шығару кезінде жалғыз қаты­сушыға сатуға жол беріл­месе, онда жаңа редакцияда бұл норма алынып тасталады, яғ­ни бірінші немесе екінші сауда-сат­тықта (аукцион және тендер) объект жалғыз қатысушыға са­тылуы мүмкін. Осыған байла­нысты объек­тіні алғашқы сау­да-саттықта сату мүмкіндігі күрт артады, бұл объек­тілерді же­ке­шелендіру мерзім­де­рін ай­тар­лықтай төмендетеді. Енді аук­циондар мен тендерлер бұрын­­ғыдай газеттерде жариялан­байды. Ақпараттық хабарлама­ларды жа­­риялау мемлекеттік мүлік тізі­лімінің вебпорталында ғана жү­зеге асы­ры­латын болады.

Жекешелендіруге белгілен­ген тәртіппен тіркелген жеке не­месе мемлекеттік емес заңды тұлға қатыса алады. Осы Заңға сәйкес тендерде мемлекеттік кә­сіпорындар мүліктік кешен ре­тінде сатылған жағдайда тен­дердің шарты – қызмет бейінін сақтау. Қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.

– Жалпы процесс қалай жүзеге асырылады? Қатыса­тын кәсіпкер үшін нені білу ма­ңызды?

– Жекешелендіру процесі ба­рынша ашық болады. Бүгінде про­цестің жариялылығы мен ашық­тығын қамтамасыз ететін мүлікті сату бойынша бірыңғай элект­рон­дық алаң жұмыс істейді. Барлық сауда-саттық туралы ақпарат қа­зақ және орыс тілдерінде, жеке­ше­лендіруге жататын объектілердің фотосуреттері www.gosreestr.kz веб­порталында орналастырылады. Сауда-сат­тық­тың ашықтығы сатушы мен сатып алушы бір-бірімен бай­ланыспайды, сатып алушылар өза­ра әрекеттеспейді және бір-бірін көрмейді. Сауда-саттық тек электрондық нысанда жүргізіледі және сауда-саттыққа елдің кез келген нүктесінен қатысуға бо­лады. Электрондық сауда-сат­тыққа қа­тысу үшін ЭЦҚ – электрондық цифр­лық қолтаңба болуы қажет. Сау­да-саттыққа қа­тысушылар хабар­ламада көр­се­тілген мөлшерде, мер­зімде және тәртіппен кепілдік жар­наны енгізеді. Егер сауда-сат­тық өткізілмесе, кепілдік жарна қай­тарылады. Кепілдік жарна өті­нім берген, бірақ сауда-саттыққа қатыспаған, сауда-саттыққа қа­тыс­қан, бірақ оларды ұтпаған тұлғаларға және сауда-саттыққа қатысудан жаз­баша түрде бас тартқан тұлға­ларға оларды өт­кізгенге дейін үш жұмыс күні­нен кешіктірілмей қай­та­ры­лады. Кепілдік жарналар осы қаты­сушының деректемелерін көр­сете отырып, сауда-саттыққа қаты­сушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш негізінде жү­зеге асырылады.

Сауда-саттықта жеңіп шық­қан тұлғамен сатып алу-сату шар­тын жасасқан кезде ол ен­гізген кепілдік жарнаның сома­сы жасалған шарт бойынша мін­деттемелерді орындау есебіне есептеледі. Жекешелендіру объек­тілерін сату жекешелендіру объек­тісінің нарықтық құны бо­йынша жүзеге асырылады, бұл рет­те жекешелендіру объектісінің на­рықтық құны жекешелендіру объек­тісінің баланстық құнынан төмен болуы мүмкін. Сатып алу-сату шартының негізінде сатушы мін­деттемелердің орындалуын, оның ішінде қызмет бейінін сақтау бо­йын­ша тексеруді жүзеге асыратын болады.

– Сатылған объект бойын­ша есеп айырысу және төлем тәртібі қалай жүзеге асыры­лады?

– Жекешелендіру объектіле­рін сатып алу-сату шарты бо­йынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргі­зіледі. Бұл ретте сатып алынатын объектіге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізілуге тиіс. Объектіні бөліп-бөліп сатуға жол беріледі. Жеке­шелендірілетін объектіні бө­ліп-бөліп сату кезіндегі бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасы­ның он бес процентінен кем бол­мауға, ал бөліп-бөліп төлеу кезеңі үш жылдан аспауға тиіс. Одан кейінгі сомаларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Аза­маттық кодек­сінде белгіленген ақшалай мін­дет­темені орындау қағидалары қол­данылады. Бөліп-бөліп сату кезінде әлі енгізілмеген сомаға проценттер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептеледі.

– Объектілерді жекешелен­ді­руден қаражат қайда түседі және жекешелендірудің екінші толқы­нынан қандай нәтиже күтіледі?

– Коммуналдық меншікті са­тудан түскен қаражат жергі­лікті бюджетке, компания мен­шігін сатудан тиісінше осы ком­панияларға түседі.

Бүгінгі таңда жекешелендіру мем­лекет иелігінен алу нысандары­ның бірі ретінде бизнесті жанданды­рудың тиімді тетігі. Шын мәнінде, мемлекет дайын бизнесті сатады, ол қолжетімді және тартымды болады.

Ірі объектілерді жекешелен­діру – бұл өндірісті жаңғырту және кеңейту үшін инвестициялар тарту, өнімді өткізу нарықтарын кеңейту, жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту мүмкіндігі.

Әңгімелескен

Гүлжазира Жалғасова,

«Сыр бойы»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз