Жаңашыл басшы, білікті ұйымдастырушы

8

0

Базарбай Асанбайұлы Атабаевпен таныстығым студенттік жылдардан бастау алады. Мен 1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түскен кезде, ол осы оқу орнында төртінші курста білім алып жүрген еді. Студент кезінен-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, факультет өміріндегі барлық маңызды іс-шаралардың бел ортасында жүретін. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенділігі сол кездің өзінде көпшілікке үлгі болатын.

Оқуымызды аяқтағаннан ке­йін Қызылордаға 19 интерн бірге келдік. Сол кезеңде топ жетекшісі ретінде ұйым­дас­тыру жұмыстарына жа­уап­ты болдым. Жас маман­дар­ды жұ­мысқа орналастыру мәсе­ле­сінде Базарбай Атабаевтың көмегіне жүгіндік. Өйткені ол адамдарға қолдау көрсетуді, олардың мәселесін шешуге ат­­салысуды азамат­тық парыз деп білетін.

Бұл қасиеті балалық шағы­нан қалыптасқан деп ой­лай­мын. Өмірдің қиындық­та­рын ерте көрген ол туған әп­кесіне әрдайым қамқор болып, отба­сы алдындағы жауапкер­ші­лік­ті терең сезініп өсті. Сол се­бепті де айналасындағы адам­­­дарға жанашырлық таны­тып, көмек қолын созуға әрда­йым дайын тұратын.

1989 жылдың 29 маусы­мында біз жаңадан ашылған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына көшіп келдік. Сол кезде Базарбай Асанбай­ұлы Атабаев маған бас дәрігер­дің орынбасары әрі реанимация бөлімінің меңгерушісі қызмет­терін ұсынды. Алайда өз ма­мандығым бойынша ішек ин­фекциялары бөлімін бас­қа­ру­ды жөн көрдім. Деген­мен арада он ай өткен соң, реа­ни­мация бөлімінің меңгерушісі қыз­метіне кірістім.

Кадр таңдауда ерекше кө­ре­­гендік танытатын. Ол кәсі­би мүмкіндікті ғана емес, адами қасиеттерді де жоғары бағалайтын. Кімнің қандай іс­ке қабілетті екенін дәл анық­тап, мамандарды дұрыс бағыт­тай білетін. Жеті жылдан ас­там уақыт реанимация бө­лі­мін бас­қардым. Бұл өте жа­уап­ты әрі ауыр жұмыс бо­латын. Сол кезеңде әр­да­йым қолдау көрсетіп, қиын сәт­терде жігерлендіріп отыр­ды. Қызмет барысында кез­дес­кен қиындықтардан қажып, жұ­мыстан кеткім келген кездер де болды. Бірақ ол әріптес­те­рінің көңіл күйін түсініп, дер кезінде қолдау білдіре алатын басшы еді.

Бір күні маған: «Біздің об­лыста жұқпалы аурулар қыз­ме­тінің қалыптасу тарихы жүйеленбеген екен. Біз осы олқылықтың орнын толтыруы­мыз керек» деген ұсынысын айтты. Бұл жұмыстың ауқым­ды екенін, көптеген архив құ­жаттарын зерттеу қажеттігін жеткіздім. Алайда ол алға қой­ған мақсатынан ешқашан бас тартпайтын.

Оның бастамасымен ең бел­сенді қызметкерлерден жұ­мыс тобы құрылып, біз бір ай бойы архив қорында жұмыс істе­дік. Денсаулық сақтау са­ла­­сына қатысты құжаттарды зерт­теп, облыстағы инфекция­лық қызметтің қалыптасу және даму тарихын жинақтадық. Соның нәтижесінде аурухана­ның 10 жылдық мерейтойына орай «Қызылорда облысының инфекциялық қызметінің қа­лыптасуы» атты кітап жарық көрді. Бұл еңбек – ең алдымен, Базарбай Асанбайұлы Ата­баев­­тың идеясы мен табанды­лығы­ның нәтижесі.

Кітаптың жарық көруіне қосқан үлесім үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым. Дегенмен біздің басты мақса­тымыз – марапат алу емес, ха­лық денсаулығы жолында қыз­мет ету және пайдалы бас­та­маларды жүзеге асыру.

Оның медицина саласын­дағы тағы бір маңызды ең­бегі – плазмаферез әдісін тә­жірибеге енгізуі. Сол кезеңде вирусты гепатиттің ауыр түр­лерімен сырқаттанған нау­қастар саны артып, өлім-жі­тім көрсеткіші жоғарылаған еді. Осындай жағ­дайда плаз­маферез әдісін қолдану ар­қылы науқастардың қанын тазарту емнің тиімділігін арт­тыруға мүмкіндік берді. Бұл күрделі әрі ұзақ уақытты талап ететін жұмыс болатын. Кейбір науқастарға бірнеше сағат бойы аппараттық ем жүр­гізі­ле­тін.

Зейнет жасына жетіп, еңбек демалысына шығуды жоспар­лап жүргенімде, мерейтойлық жиындардың бірінде көп жыл­ғы еңбегімді жоғары бағалап, алдағы уақытта облыста гепа­то­логиялық орталық ашу жос­­пары бар екенін айтты. Сол орталыққа же­тек­шілік етуді маған ұсын­ды.

Ол кезде мұндай орталық облыс көлемінде мүлдем бол­маған еді. Базарбай Атабаев­тың бастамасымен өңірдегі ал­ғашқы гепатологиялық орта­лық ашылды. Жаңа бағыттағы бұл жұмыс бастапқыда бей­та­ныс болғанымен, кейін оның маңыздылығын толық тү­сін­дім. Алғашқы кезде орта­лықта 49 науқас есепте тұрса, кейін олардың саны 500-ге дейін жетті. Бұл В және С вирусты гепатитімен ауыратын адам­­дарға жүйелі бақылау жүр­гі­зуге, кеңес беруге және тиім­­ді ем ұйымдастыруға мүм­­кін­дік берді.

Орталық жұмысының са­палы жолға қойылуы үшін мен арнайы оқудан өтіп, тә­жі­рибе жинадым. Базар­бай Асан­байұлы да бұл бағыт­тағы жұмыстарды зерттеп, бас­қа өңірлердің тәжірибесін саралап, әрдайым қолдау көр­сетіп отырды. Сол жылдары С гепатитін емдеу өте қымбат болатын. Бір ғана дәрінің құны ондаған мың теңге, толық емдеу курсы бірнеше жылға созылатын. Бүгінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қол­дау­дың арқасында бұл қызмет­тер халыққа қолжетімді болып отыр. Мұның негізінде кезінде құрылған гепатологиялық ор­талықтың да үлесі бар деп есептеймін.

Базарбай Асанбайұлы ұжым­дағы әрбір қызметкерді бағалай білетін. Ол адамдарды қызметіне немесе лауазымына қарай бөлмейтін, барлығына бірдей құрметпен қарайтын. Әділдігімен, адамгершілігімен және кәсіби біліктілігімен ерек­шеленген басшы ретінде әріп­тестерінің зор құрметіне ие болды.

Оның медицина саласына сіңірген еңбегі мен тәрбиелеген шәкірттері – бүгінгі денсаулық сақтау жүйесінің маңызды же­тістіктерінің бірі. Базарбай Асанбайұлы Атабаевтың жар­қын бейнесі мен игі істері әріптестерінің жүрегінде әрда­йым сақталады.

Сапаркүл ҚҰДИЯРОВА,

медицина саласының ардагері