ТҰРСЫНБАЙДЫҢ  АЛТЫН ТҰҒЫРЫ

ТҰРСЫНБАЙДЫҢ АЛТЫН ТҰҒЫРЫ

 Жақында Венгрияда бокс­тан өткен дәстүрлі Бос­кай Иштван турнирінде жер­ле­сіміз, талантты боксшы Тұр­сын­бай Құлахмет чемпион атанды. Биыл 63-ші мәрте өткі­зілген дәстүрлі турнирге 27 мем­лекеттің былғары қолғап шебері қатысқан еді. Әрине, мұндай додаға «бағымды сынап қайтайыншы» деп бара салатын ешкім жоқ, бәрі де жеңістен үмітті. Ал, «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» дей­тін­дердің жөні бөлек. Осындай «сен тұр, мен атайындармен» бетпе-бет кездескен қазақстан­дық 8 боксшының 5-еуі өз салмақтары бойынша алғашқы үштіктің сапын құрады.Соның бірі, ауылға алтыннан алқа тағып келген Тұрсынбай Құлахметпен кездесіп, жеңі­сімен құттықтадық. Қайда жүрсе де рухы асқақ қазақ деген ұлттың ұлы екенін биік тұ­ғырдан таныт­қан Тұрсынбай туралы Сыр жұрт­шы­лығына кеңірек мәлімет бере кетуді орынды деп білдік.
Cұхбат 19 ақпан 2019 г. 335 0
ЕКПЕНІҢ ИСЛАМ ДІНІНЕ ЕШ ҚАЙШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

ЕКПЕНІҢ ИСЛАМ ДІНІНЕ ЕШ ҚАЙШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

 Елімізде дінді желеу етіп екпе салдырмайтын жағдайлардан хабардармыз. Мұның ақ-қарасын бізге облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев айтып берді.
Cұхбат 18 ақпан 2019 г. 882 0
БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ БАСТЫ ҚАДАМЫ

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ БАСТЫ ҚАДАМЫ

Қазақстанның салық жүйесі бүгінде дамудың тұрақты арнасына түсті. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығы үшін басқа салалармен қоса салық жүйе­сіне қатысты да уақыт талабына сай реформаларды жария етіп келеді. Салық реформасының басты мақсаты – экономикалық ахуалдың күр­делі кезеңінде бизнес саласының аяғынан шалмай, керісінше заң аясында демеу көрсете отырып, ел экономикасының дамуына ықпал ету, жасырын бизнестің «көлеңкеден» жарыққа шығуына, «қолма-қол ақша­сыз» жүйені реттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың, жең ұшынан жал­ғасушылықтың жолын кесіп, таза, мөлдір салық саясатын қалыптастыру. Осы орайда бизнес өкілдеріне биылғы жылы да көптеген жеңілдіктер жасалып отыр. Соған байланыс­ты са­лық заң­на­масына ен­гі­зіл­ген өзгерістер жө­нінде Кәсіп­кер­лер палатасының сарап­­шысы Гүлдана Таңа­товамен сұх­­баттасқан едік.
Cұхбат 16 ақпан 2019 г. 682 0
ЖАСТАРДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯҒА  ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

ЖАСТАРДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетовпен сұхбатымыз саладаатқарылған жұмыс және алдағы жоспар төңірегінде өрбіді. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетовпен сұхбатымыз салада 
Cұхбат 16 ақпан 2019 г. 704 0
Біздің таразымыз – көрермен талғамы

Біздің таразымыз – көрермен талғамы

Елдің рухани тұрғыда дамуы мен кемелденуіне мәдениет сала­сының  ықпалы айрықша. Өңірі­міздің барлық өнер ұжым­дары осы мәдениет ұғымы аясында бір мүддеге бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Тарих қойнауына енген ескі жылда ақжолтай жаңалықтың жаршысы болған біршама ілкімді істер жүзеге асты. Облыстық филармония ұжымы өңірдегі ауқымды мәдени шаралар мен іргелі бастамалардың бел орта­сында болып, руханият керуені­нің көшін бастады. Өнер ұжымының өткен жылдағы өмір ағымы, шығармашылық ізде­ніс­тері мен жемістері туралы об­лыстық филармония директоры Талғат Мақашовқа бірнеше сауал қойған едік.
Cұхбат 12 ақпан 2019 г. 567 0
ДӘНГЕ ДЕ БАЛАДАЙ БАП КЕРЕК

ДӘНГЕ ДЕ БАЛАДАЙ БАП КЕРЕК

Қашаннан күріш өсірумен аты шыққан Сыр елінде Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының алар орны ерекше. Бұл ғылыми орта Сыр маржанын өсіруге қатысты ондаған жылдар бойы зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізіп келеді. Жақында институттың бас директоры болып Бахытжан Дүйсембеков тағайындалды. Ғылыми-зерттеу институтының өткен жылы атқарған жұмыстары туралы бұған дейін де газетімізде жеткілікті ақпарат берілгендіктен жаңа басшымен кездесу барысында алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жайында сөз қозғадық.
Cұхбат 10 ақпан 2019 г. 450 0
Жас ғалым: Мәскеу –  ерсілі-қарсылы қозғалыстың қайнаған қазаны

Жас ғалым: Мәскеу – ерсілі-қарсылы қозғалыстың қайнаған қазаны

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Ерлан Шынбергенов өткен күзде Ресей Федерациясы Қазан (Волга бойы) федералды университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 25.00.36 – Гоэкология мамандығы бойынша «Лена өзенінің су жинау алабындағы шағын өзендердің бассейндік геожүйелерін картографиялық-геоақпараттық талдау» («Картографо-геоинформационный анализ бассейновых геосистем малых рек водосбора реки Лены») тақырыбында география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын сәтті қорғады. Жас ғалыммен кездесудің сәті түсіп, ғылымдағы жетістіктері жөнінде сұхбаттасқан болатынбыз. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Cұхбат 01 ақпан 2019 г. 734 0
Мейірхан Ақдәулет: Біз өлеңді жазушы емес, жасаушыға айналдық

Мейірхан Ақдәулет: Біз өлеңді жазушы емес, жасаушыға айналдық

Мейірхан Ақдәулет – қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген қарымды қаламгер, публицист, қоғам қайраткері ретінде қалың оқырманға танымал. «Бейуақтағы мінәжат», «Жалғыз досым – жүрегім», «Бастау», «Шырақ-ғұмыр», «Дәруішнама» жыр жинақтары өлеңсүйер қауымның өзегіне сәуле құйып, өзгеше әсерге бөлегені белгілі. Қазіргі қазақ және әлем әдебиетінің жай-күйін, оның сан қатпарлы тарихын білетін әрі осы сала төңірегіндегі кейбір түйткілді мәселелерді шешуге айрықша атсалысып жүрген ақынмен сұхбаттасып едік. Мархабат!
Cұхбат 31 қаңтар 2019 г. 206 0
Солтүстік аймақта оқу практикасын өткізудегі мақсат - сапалы маман даярлау

Солтүстік аймақта оқу практикасын өткізудегі мақсат - сапалы маман даярлау

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенттері жылдағы дәстүрмен Ақмола облысы, Щучинск қаласында шаңғы спорты бойынша оқу практикасынан оралды. Оқу практикасының Солтүстік өңірде өткізілу барысы туралы дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жандос Есіркеповпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 29 қаңтар 2019 г. 479 0
Аймақтың зерттелу ісіне саяси факторлар әсер еткен

Аймақтың зерттелу ісіне саяси факторлар әсер еткен

 Тарихымыз туралы түрлі дерек, сан алуан ақпарат пен болжам бар. «Елдің де, жердің де иесі менмін» деп нық айту үшін ұлан-ғайыр өлкенің сырын білу керек. Ал тарихты түгендеу  – археолог, тарихшының еншісіндегі жауапты іс. Біз бұл сұхбатта тарих ғылымдарының кандидаты, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжекеевпен Сыр өңірін тереңірек зерттеудің маңызы, Хорезм экспедициясы, Шірік-Рабаттың астана не жерлеу орны болғандығы туралы кеңінен сөз қозғадық.
Cұхбат 28 қаңтар 2019 г. 251 0