«Ауған асуында от кешкендерге» арналған кеш

990

0

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні.

Осы орайда №19 кітапхана және облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу өтті. Кездесуге ауған соғысына қатысқан қайсар жауынгерлер келіп, жастарға патриоттық бағытта әңгіме өрбітті. Кездесу алдымен 1 минуттық үнсіздікпен бастау алып, одан әрі кездесу қонақтары тарихи оқиға кезінде қаза болған батырлардың ерлігіне тоқталса, шығармашыл жастар концерттік бағдарламамен жалғай түсті.

№253 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рыскүл Абдрахманова қысқаша баяндама оқыды. Ал кездесуде «Оқушылар сарайының» қосымша білім беру педагогы А. Сыздықова «Ауған ақиқатына» зерттеу жасап, мазмұнды мәліметтермен бөлісті.

Шара соңында орталық директорының орынбасары Талғат Тілес кездесу қонақтарына ыстық лебізін білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттады. 

Облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<